Жаңалықтар

Мұхаммед Хайдар Дулати тағылымы

Биыл XVI ғасырда өмір сүрген Орталық Азия тарихшысы, әдебиетші және қоғам қайраткері, 1411-1551 жылдардағы Үндістанның Кашмир өлкесінің билеушісі, әйгілі «Тарих-и-Рашиди» кітабы мен «Жаһаннама» дастанының авторы Мұхаммед Хайдар Дулатидың туғанына 525 жыл.

Осыған орай, кітапхана қызметкерлері Қ.Жұбанов атындағы өңірлік мемлекеттік университеті, тарих ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Еспенбетова Айнагүл Мейрамбекқызы, Ә.Кекілбаев атындағы №72 ЖББО ІТ мектеп-лицейінің тарих пәні мұғалімі, Республикалық “Үздік педагог-2020” байқауының жеңімпазы, “Қазақстанның әкелері” Республикалық әкелер қоғамдастығының құрылтайшысы, Алтынсарин төсбелгісінің иегері Тобылбаев Еркін Теміржанұлының қатысуымен «Мұхаммед Хайдар Дулати тағылымы» кітапханалық ауызша журнал өткізді.

Шараның қонақтары қазақ ғылымы мен мәдениетінің қалыптасуына өлшеусіз үлес қосқан майталман ғалым, халқымыздың тұңғыш тарихшысы — Мұхаммед Хайдар Дулатидің өмір жолы мен қызметін, «Тарихи-и Рашиди» кітабы туралы нақты дәлелдемелерді айта отырып, бұл ғылыми еңбектің жас ұрпақ бойындағы тарихи сананы жаңғыртып, тағылым алуына жетелейтініне нық сенім білдірді.

​Сонымен қатар, дулаттануды бүгінгі күн талабы тұрғысынан биік деңгейде дамытып отырған Тараз қаласынан зум қосымшасымен филология ғылымдарының докторы, профессор “Дулатитану және өңір тарихы” ғылыми-зерттеу орталығының бас ғылыми қызметкері Құлбарақ Сәмен Оразғалиұлы М.Х.Дулатидің әдеби мұрасы – «Жаһан-наме» дастаны жайында баяндап берді.

Шара барысында кітапхана оқырмандарының назарына ұйымдастырылған «Мырза Мұхаммед Хайдар Дулати-дала өркениетінің шежірешісі» кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалып, Мұхаммед Хайдар Дулатидың өмірдерегін сипаттаған бейне баян көрсетілді. Ұлы тұлғалар мұрасын жаңғыртып, жаңа қырынан танытуда оқырмандарға жыршы Жолымбетов Демеубай тарихи шығармалардан жыр орындап берді.

Шараға Қ.Жұбанов атындағы университетінің Жоғары және көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледждерінің оқытушылары мен студенттері, қала мектептерінің тарих пәні мұғалімдері мен кітапханашылары, кітапхана оқырмандары қатысты.

Ғұлама ғалым хақында ой қозғалды

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы мен М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті бірлесе ұйымдастыруымен әйгілі тарихшы, ұлы ойшыл Мұхаммед Хайдар Дулатидің 525 жылдық мерейтойы аясында «М.Х.Дулати мұрасы: тарих пен тағылым» тақырыбында оқу конференциясын өткізді.

Жиын М.Х.Дулатидың образындағы сахналық көріністен бастау алып, өмір деректеріне қатысты қысқаша шолу ретінде бейнероликпен жалғасын тапты. Сонымен қатар, тарихи тұлғаның «Тарих – и Рашиди» атты еңбегі зағип жандарға арналған Брайль қарпіндегі тұсаукесер рәсімі өткізілді.

Тағылымды басқосуда Жамбыл облыстық білім басқармасына қарасты мектеп ұстаздары Дулати іліміндегі рухани құндылықтарды негізге ала отырып, тұщымды баяндамалар жасаса, ғылыми зерттеушілер Құлбарақ Сәмен Оразғалиұлы, Мұқашев Темірбай Әлиұлы, Бақытжан Махашұлы сынды профессорлар М.Х.Дулати өмірінің беймәлім тұстары мен артында қалған мұралары жайлы құнды ой – тұжырымдарымен бөлісіп, әлемдік мәдениет пен өркениетке қосқан үлесіне қатысты зерттеулер төңірегінде пікір алмасты.

«Талас-Ұлытау-Сарайшық» республикалық тарихи-этнографиялық экспедициясы

Жошы Ұлысының 800 жылдығына орай ұйымдастырылып отырған «Талас-Ұлытау-Сарайшық» атты республикалық тарихи-этнографиялық экспедициясының дөңгелек үстелі өтті.

Экспедиция Қазақстан аумағындағы Жошы Ұлысының тарихына қатысты тарихи және табиғи ескерткіштерін аралай жүріп, көпішілікке насихаттау. Жошы Ұлысының тарихын танытудағы азамататтық белсенділікті арттыру, тарихи туризмді дамыту. Алтын Орда дәуіріне қатысты экспонаттардан «Жошы Ұлысы – Алтын Орда бесігі» жылжымалы көрмесін ұйымдастырып, жұртшылықты сол дәуірдің тарихымен таныстыру мақсатында ұйымдастырылған дөнгелек үстел.

Дөнгелек үстел барысында «Жошы Ұлысы – Алтын Орда бесігі» атты жылжымалы көрме бойынша экскурсия ұйымдастырылды. Экспедицияға жетекші ғалымдар, өлкетанушылар, жас тарихшы, археолог мамандар, республикалық музейлердің қызметкерлері, журналистер, блогерлер қатысты.

Сонымен қатар, екі мекеме басшысы Ержан Нұрланұлы мен Сейтжан Рысбекұлы бірлескен мәдени тарихи, рухани, білім беру жобаларын жасау, өзпра іс-қимыл және ынтамақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Шара соныңда келген қонақтарға музей залдары бойынша экскурсия жүргізілді.

«Телегей теңіз дарын» портрет кеші

Кітапханада Қазақстанның халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаевтың туғанына 85 жыл толуына орай «Телегей теңіз дарын» тақырыбында портрет кеші ұйымдастырылды.

Портрет кешіне М.Х.Дулати атындағы Тараз Өңірлік университетінің филология ғылымының докторы, профессор Сәмен Құлбарақ, осы университет пен Тараз техника мен бизнес колледжінің студенттері, және Тараз қаласындағы №3 мектеп-лицейі мен №7 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Феруза Холбаева және Мәншүк Кембаева, Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназиясының тарих пәнінің мұғалімі Эльмира Қайырбаева, және аталмыш мектеп оқушылары қатысты.

Кеш барысында қонақтар ұлы жазушының өнегелі өмірі, артында қалдырған мұрасы, шығармалары туралы кеңінен әңгімелеп, шығармаларын насихаттау арқылы қазақ тілінің мерейін көтеру керек екенін тілге тиек етті.

Іс-шара соңында мектеп оқушылары Әбіш Кекілбаевтың өлеңдерін жатқа оқыды.

«Мемлекеттік тіл және БАҚ» облыстық байқауының үздіктері анықталды

5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күніне орай облыс әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы дәстүрлі «Мемлекеттік тіл және БАҚ» облыстық байқауын өткізді.

Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге және насихаттауға, мемлекеттік тілдің өңірдің қоғамдық-саяси, рухани-танымдық, мәдени-тұрмыстық салаларында кеңінен қолданылуына бағытталған облыстық байқауға аудандар мен Тараз қаласынан 12 үміткер қатысты.

Байқауға қатысқан үміткерлер 5 номинация бойынша өзара бақ сынады. Атап айтар болсақ: «Үздік радиобағдарлама», «Үздік телебағдарлама», «Үздік сайт мақаласы» және «Үздік мақала» номинациялары.

Байқауға қатысқан үміткерлерге Алғыс хат және жүлдегерлерге дипломдар табыс етілді.

Ата заңым — Мәңгілік елдің берік тұғыры

Қазақстан Республикасының Конституциясы еліміздің тұғыры, тәуелсіздігіміздің кепілі және мемлекетіміздің дамуына бағытталған маңызды құжат. Ата Заңымызды құрметтеу, оның қағидаларын сақтау және еліміздің дамуына өз үлесін қосу-ел азаматтарының абыройлы борышы.

Осыған орай ҚР Конституция күніне орай а.ж. 29 тамыз күні ұйымдастырылған «Ата Заң — Тәуелсіздігіміздің тұғыры» тақырыбымен мерекелік іс-шара өтті. Шараға Институт қызметкерлері, қоғам өкілдері және арнайы шақырылған қонақтар қатысты.

М.Х.Дулати атындағы Тараз Өңірлік университетінің профессоры, «Дулатитану және Өңір тарихы» Ғылыми зерттеу орталығының басшысы Бақторазов Сейдахан Уәлиұлы Қазақтың Ата заңдарының тарихымен таныстырды.

«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы – ұлттық, адами құндылықтарға негіздеу» тақырыбында баяндама оқылды, «Ұрпақтар сабақтастығы» туралы интерактивті дәріс әңгіме өрбіді. Аталған іс-шарада Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап кітапханасының ұйымдастырған кітап көрмесі де болды. Еліміздің патриоттық әндері шырқалды.

«Түркілердің этногенезисін зерттеудегі Серікбол Қондыбайдың қосқан үлесі»

«Дулатитану және Өңір тарихы» ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен «Түркілердің этногенезисін зерттеудегі Серікбол Қондыбайдың қосқан үлесі» тақырыбында республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Конференцияның мақсаты – Серікбол Қондыбайдың Түркілердің этногенезисін зерттеудегі тарихи сабақтастық мәселелерін жаңа көзқарастар мен методологиялық ұстанымдар тұрғысынан талқылап, жас ұрпаққа дәріптеу.

Модератор «Дулатитану және Өңір тарихы» ғылыми-зерттеу орталығының басшысы т.ғ.к., профессор Сейдахан Бақторазов конференцияның маңыздылығына тоқталып, Серікбол Қондыбайдың ғылымға қосқан үлесі туралы баяндап, бірқатар идеологиялық ойларымен бөлісті.

Конференцияға Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық ғылыми әмбебап кітапханасы кызметкерлері Сандуғаш Итекеева, Мөлдір Оразалиева, Меруерт Абигул Серікбол Қондыбайға арналған көрмесін ұсынды.

Конференция барысында «Тарих және география» кафедрасының PhD докторы Гүлжан Идрисова «Серікбол Қондыбайдың еңбектері негізінде түркі мифологиясын зерттеу мәселесіндегі проблемаларды шешу жолдары» тақырыбында баяндама жасады. Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, Ақтоған орта мектебінің «Тарих» пәнінің мұғалімі Кадиша Оразова «Түркі халықтарының қалыптасуы» тақырыбында баяндама жасап, өзектілігіне тоқталды.

«Тарих» кафедрасының PhD докторы Әсел Ташкараева, аға оқытушылары мен тарих магистрлері Ақнұр Көбесова және Аида Альдибаева «Серікбол Қондыбайұлының еңбектеріндегі түркі мифологиясы», «Серікбол Қондыбайұлының еңбектеріндегі қазақ аңыздарының зерттелуі», «Серікбол Қондыбайдың ғылыми және мәдениеттанулық мұрасы» туралы тақырыптар талқыланып, ғылыми баяндамалар жасалды.

Сонымен қатар, жас зерттеуші тарихшылар  Жаннұр Әбдәлі, Бақдаулет Секербеков, Құттыбек Әшірхан «Тайпалардың шығу тарихының зерттелуіндегі Серікбол Қондыбайұлының еңбектерінің маңызы», «Серікбол Қондыбай-Ұлы тұлға», «Серікбол Қондыбайұлының қазақ тарихындағы елеулі орны» тақырыптары барысында баяндама жасап, ұсыныс-пікірлерін білдірді.

Конференция соңында «Дулатитану және Өңір тарихы» ғылыми-зерттеу орталығының басшысы, т.ғ.к., профессор Сейдахан Бақторазов қатысушыларға Алғыс хат табыстады.

Республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті

«Дулатитану және Өңір тарихы» ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен «Бірлік пен жасампаздық аясындағы Жамбыл өңірі» тақырыбында республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Модератор «Дулатитану және Өңір тарихы» ғылыми-зерттеу орталығының басшысы, т.ғ.к., профессор Сейдахан Бақторазов конференцияның маңыздылығына тоқталып, озық ойлы ұлт болуды меңзейтін бірқатар идеологиялық ойларымен бөлісті.

Конференцияға облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркімбек Солтыбаев, университеттің профессор-оқытушылар құрамы, облыстың ардагерлер кеңесі, студенттер, мектеп мұғалімдері және оқушылар қатысты.

Конференция барысында «Ежелгі және орта ғасырлардағы Тараз», «ХІХ ғасырдың екінші жартысы – ХХ ғасырдың басындағы Әулиеата өңірі», «Кеңестік дәуірдегі Жамбыл облысының әлеуметтік-экономикалық ахуалы», «Облыстың тәуелсіздік кезеңіндегі тарихы» тақырыптары талқыланып, осы мәселелер бойынша Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы «Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясы» ғылыми қызметкері Сәния Нағашбекова «Тараз және Жамбыл облысындағы тарих және мәдениет ескерткіштерінің зерттелу тарихы», Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің доценті, т.ғ.к. Ердәулет Берлібаев Тұрбекұлы “Тараз-Ұлы даланың ұлы қаласы”, Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының профессоры т.ғ.д. Асқар Абдуалы «Қазақ хандығының құрылу кезеңіндегі Тараз өңірі, Алаш қозғалысы және Әулиеата зиялылары», ардагерлер кеңесінің мүшесі Амангелді Кәрентаев «Кеңестік дәуірдегі Жамбыл облысы», Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің доценті, п.ғ.к. Дархан Байдалиев «ХХ ғасырдағы Әулиеата өңіріндегі зайырлы білім беру жүйесінің тарихы мен тағлымы», Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің Тарих кафедрасының аға оқытушысы философия докторы PhD Дәулет Омаров «Оңтүстік Қазақстан өлкесі құрамындағы Жамбыл және Қызылорда облыстарының әлеуметтік-экономикалық ахуалы, «Тарих» кафедрасының PhD, аға-оқытушысы Әсел Ташқараева «Тәуелсіздік жылдарындағы Жамбыл өңірі» атты тақырыптарында ғылыми баяндамалар жасалды.

Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркімбек Солтыбаев “Дулатитану және Өңір тарихы” ғылыми зерттеу орталығына алғысын білдіріп, профессор Сейдахан Бақторазовқа облыстың «Құрмет грамотасын» табыстады. Өз кезегінде Сейдахан Уәлиұлы «Әулиеата өңіріндегі кәмпескелеу және ұжымдастыру науқандары кезіндегі дүрбелең» атты монографиясын қонақтарға сыйға тартты.

Конференция соңында қатысушылар ұсыныс-пікірлерін айтып, еліміздің даму жолындағы қарқынды жұмыстардың жалғасын табатындығымен қорытындыланды. «Дулатитану және Өңір тарихы» ғылыми-зерттеу орталығының басшысы, т.ғ.к., профессор Сейдахан Бақторазов баяндама жасаған барлық қатысушыларға Алғыс хат табыстады.

 

Жошы ұлысының қазақ жеріндегі тарихы

«Дулатитану және Өңір тарихы» ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен «Жошы ұлысының Қазақ жеріндегі талайлы тарихы» атты конференция өтті.

Онлайн және офлайн форматта өткен конференцияға Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, т.ғ.к, профессор, жетекші ғылыми қызметкерлері Әуесхан Шашаев, Жеңіс Жомарт және тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Жанна Сейітқұлова, «Тарих» кафедрасының PhD, аға оқытушылары Әсел Ташқараева, Альбина Максутова, университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер қатысты.

Конференцияның мақсаты – Жошы Ұлысының тарихын, оның Қазақ мемлекеттілігімен тарихи сабақтастығы мәселелерін жаңа көзқарастар мен методологиялық ұстанымдар тұрғысынан талқылап, жас ұрпаққа дәріптеу.

Модератор «Дулатитану және Өңір тарихы» ғылыми-зерттеу орталығының басшысы, т.ғ.к.,профессор Сейдахан Бақторазов конференцияның маңыздылығына тоқталып, озық ойлы ұлт болуды меңзейтін бірқатар идеологиялық ойларымен бөлісті.Жошы ұлысының 800 жылдығын атап өту арқылы біз өз тарихымызды танып және өскелең ұрпаққа елге, жерге, отанға деген сүйіспеншілік қасиеттерін арттыру – басты мақсат екенін жеткізді. Жошы ұлысы тарихын зерттеу және насихаттау – қоғамдық-гуманитарлық ғылымдардың, әсіресе тарих ғылымының өзекті міндеті екенін тілге тиек етті.

Жошы ұлысы өмір сүрген дәуір қазақ жеріндегі мемлекеттілік дәстүрі дамуының маңызды кезеңдерінің бірі. «Жошы ұлысы Қазақстанның мемлекеттілік дәстүрінде ерекше орын алады. Еліміздің өткені, бүгіні мен болашағы оның тарихи мұрасымен астасып жатыр. Ендеше Алтын Орда туралы халықаралық аренадағы түсінік Қазақстанмен тікелей байланысты болуы керек», — деді мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық Құрылтайдың үшінші отырысында.

Конференция барысында осы мәселелерді зерттеуші тарихшылар офлайн және онлайн форматта баяндамалар оқып, пікір алмасты.Сонымен қатар, рухани дамудың бағыттарын белгілеп, қоғамдағы өткір мәселелерге тоқталды.

Жанна Сейітқұлова «Өзбек хан тұсындағы Алтын Орда», Әсел Ташқараева «Әбілғазының деректеріндегі Жошы ұлысы туралы кейбір деректер», Альбина Максутова «Жошы дәуірі: «Тарих-и Рашиди» еңбегіндегі моғол атауы мен ру-тайпалық құрылымдардың тарихнамалық зерттелуі» тақырыптарында баяндама жасады.

«Тарих» кафедрасының студенттері Жалғас Қуанышбек «Жошы ұлысының жазба мәдениеті», Асанали Райсов «Жошы ұлысының ішкі және сыртқы саясаты» тақырыптарында баяндама жасап, Жошы Ұлысын зерттеудегі тарихи оқиғалар мен процестер, Қазақ хандығымен рухани-мәдени және саяси-тарихи сабақтастық қаншалықты зерделенді деген сауалдарға жауап берді.

Конференция соңында қатысушылар ұсыныс-пікірлерін айтып, еліміздің даму жолындағы қарқынды жұмыстардың жалғасын табатындығымен қорытындыланды.«Дулатитану және Өңір тарихы» ғылыми-зерттеу орталығының басшысы, т.ғ.к.,профессор Сейдахан Бақторазов баяндама жасаған барлық қатысушыларға алғыс хат табыстады.

«Шоқ тілді Шона» атты кеш ұйымдастырылды

Ақын, жазушы, ұстаз, қазақ сатирасының серкесі, қазақ әдебиетінің ірі өкілдерінің бірі – Шона Смаханұлының 100 жылдығына орай «Шоқ тілді Шона» атты кеш ұйымдастырылды.

Кештің мақсаты – ақын, жазушының шығармалары арқылы жастардың әдебиетке деген таным-түсінігін шыңдап, ой-өрістерін дамыту.

Кешке арнайы «Дулатитану және Өңір тарихы» ғылыми-зерттеу орталығының бас ғылыми қызметкері, ф.ғ.д., профессор Сәмен Құлбарақ пен оқытушылар,студенттер қатысты.

Сәмен Құлбарақ ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығы жайлы баяндама оқып, әйгілі сатириктің шығармашылығына кеңінен тоқталды.

Шона Смаханұлы — қазақ әдебиетіндегі сатира жанрының дамуына үлкен үлес қосқан қаламгерлігімен қатар, қазақ тіліндегі мектептер мен балабақшалар ашу жолында тынбай күрескен қажырлы еңбегімен туған халқының ықыласына бөленген күрескер азамат. Елімізде бірнеше мектеп Шона Смаханұлының есімімен аталады. Солардың бірі – Тараз қаласы Шона Смаханұлы атындағы №44 орта мектебі.

Кешке келген оқырман қауым Шона Смаханұлының шығармалары бойынша өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, маңызды мәліметтер мен ауқымды ақпараттар алып қайтты.

Қаныш Сәтбаев және қазақ ғылымы

«Дулатитану және Өңір тарихы» ғылыми-зерттеу орталығының басшысы т.ғ.к., профессор С.У.Бақторазовтың ұйымдастыруымен «Қаныш Сәтпаев және Қазақ ғылымы: деректемелік зерттеу мен тарихнамалық зерделеу перспективалары» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелдің мақсаты – Қазақстан ғылымының Қ.Сәтпаев басқарған кезеңін танып білу. Қазақтың тұңғыш академик-ғалымының туғанына 125 жыл толып отыр. Қ.Сәтпаевтың  Қазақстанның ҰҒА-ның басшысы ретінде  геологиядан басқа- бұкіл, ғылымның саласында, тарихта қалдырған еңбектері де мол. Осыған орай, ғалым еңбектерін  деректемелік  және тарихнамалық тұрғыдан зерделеп,  дәріптеу  бүгінгі күннің басты міндеттерінің бірі деп есептейміз.

Дөңгелек үстел барысында модератор т.ғ.к., профессор С.У.Бақторазов кіріспе сөзді  М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің Басқарма мүшесі- әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректоры Аслан Тұрлыбек ұлына берді. Ұлы тұлға жайында Аслан Тұрлыбек ұлы біршама ой қозғап, жиынды ашты. Дөңгелек үстелге  орталықтың бас ғылыми қызметкері, ф.ғ.д., профессор Сәмен Құлбарақ  «Қаныш Сәтпаев және Қазақ ғылымы», «Білім берудегі Тарих және география» кафедрасы PhD Идрисова Гулжан Бердимбаевна «Қ.Сәтпаевтың Қазақстан Республикасының академиясын ашудағы еңбегі», «Тарих» кафедрасы  меңгерушісінің м.а. PhD, аға оқытушы Ташқараева Әсел Мұхтарқызы « Қ.Сәтпаевтың ғылыми, ағартушылық-гуманистік және дүниетанымдық мұраттары», Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің докторанты Шакирбаева Индира Тулегеновна «Қ.Сәтпаев және Қазақстан ғылымы», «Тарих» кафедрасы  аға оқытушы  Елубаева Гулшат Ақжоловна «Қазақтың тау тұлғасы, атақты геологы – Қаныш Сәтпаев», «Тарих» кафедрасының аға оқытушы, тарих магистрі Көбесова Ақнұр  Смайловна «Қ.И.Сәтпаевтың Ұлытау өңіріндегі тарихи-мәдени ескерткіштерді зерттеудегі еңбегі»,«Тарих» кафедрасының аға оқытушысы, тарих магистрі Альдибаева Аида Берікқызы «Ұлы даланың — ұлы ғалымы», ОРОММИК-Олимпиадалық резервтің облыстық мамандырылған мектеп-интернат колледжі студенті Қуандық Алишер «Қаныш Сәтпаев – жан-жақты ғалым», тарих мұғалімдерін даярлау мамандығының 3 курс студенті  Әшірхан Құтттыбек «Ғасыр алыбы- Қ.Сәтпаев» атты тақырыптарда ғылыми баяндамалар жасалды.Қорытынды сөзде  модератор т.ғ.к., профессор С.У.Бақторазов ұлы ғалымның еңбегіне жан-жақты талдау жасалғанына тоқталып өтіп, белсене қатысқан баяндамашыларды  университеттің «Алғыс хатымен» марапаттады.

ҒЫЛЫМДЫ ДАМЫТУДЫҢ ҚАДАМДАРЫ

Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

2023 жылдың 14 желтоқсанында «Дулатитану және Өңір тарихы» ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен «Төле би тұсындағы Қазақ елі:Тәуелсіздік үшін үзіліссіз күрес» тақырыбында  республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

«М.Х.Дулати – көрнекті мемлекет қайраткері»

«Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» Президент Жолдауының   бастамасымен жас ұрпақты нағыз отаншылдыққа тәрбиелеу мақсатында  М.Х.Дулатидің аты берілген 3- 10 қараша аралығында университеттің  факультеттерінде «М.Х.Дулати – көрнекті мемлекет қайраткері» тақырыбында  танымдық-тәрбиелік іс-шаралар орталықтың ұйымдастыруымен  өткізілді.

Төсбелгімен марапатталды

25 қазан Республика күніне орай  профессор С.У.Бақторазов  “Ғылымды дамытуға сіңерген еңбегі үшін” төсбелгісімен марапатталды.

“Араб, парсы деректеріндегі Тараз және таризилер” кітабының тұсаукесері өтті

2023 жылы 26 қазанда М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде  «Дулатитану және Өңір тарихы» ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен шығыстанушы, ғалым, ф.ғ.д., Әбсаттар қажы Дербісәлінің “Араб, парсы деректеріндегі Тараз және таризилер” кітабының тұсаукесері өтті.

Дөңгелек үстел өткізілді

«Дулатитану және Өңір тарихы» ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен «Ұлы дала тарихының жазба мұралары» көрмесіне «Ұлы дала руханияты: Ғұламалар үндестігі» деген тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелдің іс-шара аясында қолжазбалар және сирек кітаптар көрмесі ұйымдастырылды. Түркі тектес халықтың ортақ қазынасы Ж.Баласағұнның “Құтты білік” қолжазбасының Вена нұсқасын университеттің  орталық мұражайына табыс етті.

«Ыбырай Алтынсарин және жаһандану жағдайындағы білім»

Хабар: «Ғибрат» (06-10-2021)

Дөңгелек үстел ұйымдастырылды

Дулати университетінде «Ұлы баба мұрасын насихаттайық» апталығы өтуде. Апталық аясында филология және журналистика кафедрасының 1-3 курс студенттерінің қатысуымен «М.Х.Дулати көрнекті мемлекет қайраткері» дөңгелек үстелі ұйымдастырылды.

Іс-шараға факультет деканы Мамырханова Жәмиля, «Дулатитану» ғылыми-зерттеу орталығы, музей қызметкерлері қатысты.

«Ахмет Байтұрсынұлы – адамдық пен білім диқаншысы» атты адалдық сағаты өтті

Бүгін Ақпараттық технологиялар факультетінде «Қазақ филологиясы мен журналистика» кафедрасының профессоры, ф.ғ.д., «Дулатитану» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Сәмен Құлбарақтың қатысуымен «Ахмет Байтұрсынұлы – адамдық пен білім диқаншысы» атты адалдық сағаты өтті.

Кездесу барысында Сәмен Құлбарақ Ахмет Байтұрсынұлы туралы құнды деректер мен тарихи мағлұматтармен бөлісіп, студенттердің білімі мен қызығушылығын арттырды. Сонымен қатар, ақынның нақыл сөздері айтылып, мағынасы түсіндірілді.

Көрермендер арасында викториналық сұрақтар қойылып, тақырыпқа сай мақал-мәтелдер айтылды. Іс-шара соңында «Көңіл толқыны» атты күй тартылып, «Қазақстан» әні шырқалды.

Сұхбат берді

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің профессоры ф.ғ.д., тіл жанашыры Құлбарақ Сәмен Оразғалиұлы Конституциялық мәртебе берілген мемлекеттік тіл – қазақ тілінің қоғамдағы рөлі мен қажеттілігі туралы сұхбат берді.

Ссылка: https://www.instagram.com/tv/CTjyxoKjp7o/?utm_source=ig_web_button_share_sheet

«Тіл – татулық тірегі»

5 Қыркүйек — Қазақстан халқы тілдері күніне арналған онкүндік аясында «Тіл – татулық тірегі» атты облыстық форум ұйымдастырылды.
Форумның мақсаты өңірде тіл саясатын насихаттау, оның қолданыс аясын кеңейту.
Шара барысында өңірде тіл саласын дамытуға үлес қосып жүрген тіл жанашырларына Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің, Тіл саясаты комитеті төрағасының Құрмет грамоталары мен басқарма басшысының Алғысхаттары табыс етілді.
Форум аясында белсенді этнос жастары мен тіл жанашырлар өз ойларымен бөлісіп, мемлекеттік тіл – қазақ тілін меңгеруге, құрметтеуге шақырды.