Жаңалықтар

Жошы ұлысының қазақ жеріндегі тарихы

«Дулатитану және Өңір тарихы» ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен «Жошы ұлысының Қазақ жеріндегі талайлы тарихы» атты конференция өтті.

Онлайн және офлайн форматта өткен конференцияға Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, т.ғ.к, профессор, жетекші ғылыми қызметкерлері Әуесхан Шашаев, Жеңіс Жомарт және тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Жанна Сейітқұлова, «Тарих» кафедрасының PhD, аға оқытушылары Әсел Ташқараева, Альбина Максутова, университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер қатысты.

Конференцияның мақсаты – Жошы Ұлысының тарихын, оның Қазақ мемлекеттілігімен тарихи сабақтастығы мәселелерін жаңа көзқарастар мен методологиялық ұстанымдар тұрғысынан талқылап, жас ұрпаққа дәріптеу.

Модератор «Дулатитану және Өңір тарихы» ғылыми-зерттеу орталығының басшысы, т.ғ.к.,профессор Сейдахан Бақторазов конференцияның маңыздылығына тоқталып, озық ойлы ұлт болуды меңзейтін бірқатар идеологиялық ойларымен бөлісті.Жошы ұлысының 800 жылдығын атап өту арқылы біз өз тарихымызды танып және өскелең ұрпаққа елге, жерге, отанға деген сүйіспеншілік қасиеттерін арттыру – басты мақсат екенін жеткізді. Жошы ұлысы тарихын зерттеу және насихаттау – қоғамдық-гуманитарлық ғылымдардың, әсіресе тарих ғылымының өзекті міндеті екенін тілге тиек етті.

Жошы ұлысы өмір сүрген дәуір қазақ жеріндегі мемлекеттілік дәстүрі дамуының маңызды кезеңдерінің бірі. «Жошы ұлысы Қазақстанның мемлекеттілік дәстүрінде ерекше орын алады. Еліміздің өткені, бүгіні мен болашағы оның тарихи мұрасымен астасып жатыр. Ендеше Алтын Орда туралы халықаралық аренадағы түсінік Қазақстанмен тікелей байланысты болуы керек», — деді мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық Құрылтайдың үшінші отырысында.

Конференция барысында осы мәселелерді зерттеуші тарихшылар офлайн және онлайн форматта баяндамалар оқып, пікір алмасты.Сонымен қатар, рухани дамудың бағыттарын белгілеп, қоғамдағы өткір мәселелерге тоқталды.

Жанна Сейітқұлова «Өзбек хан тұсындағы Алтын Орда», Әсел Ташқараева «Әбілғазының деректеріндегі Жошы ұлысы туралы кейбір деректер», Альбина Максутова «Жошы дәуірі: «Тарих-и Рашиди» еңбегіндегі моғол атауы мен ру-тайпалық құрылымдардың тарихнамалық зерттелуі» тақырыптарында баяндама жасады.

«Тарих» кафедрасының студенттері Жалғас Қуанышбек «Жошы ұлысының жазба мәдениеті», Асанали Райсов «Жошы ұлысының ішкі және сыртқы саясаты» тақырыптарында баяндама жасап, Жошы Ұлысын зерттеудегі тарихи оқиғалар мен процестер, Қазақ хандығымен рухани-мәдени және саяси-тарихи сабақтастық қаншалықты зерделенді деген сауалдарға жауап берді.

Конференция соңында қатысушылар ұсыныс-пікірлерін айтып, еліміздің даму жолындағы қарқынды жұмыстардың жалғасын табатындығымен қорытындыланды.«Дулатитану және Өңір тарихы» ғылыми-зерттеу орталығының басшысы, т.ғ.к.,профессор Сейдахан Бақторазов баяндама жасаған барлық қатысушыларға алғыс хат табыстады.

«Шоқ тілді Шона» атты кеш ұйымдастырылды

Ақын, жазушы, ұстаз, қазақ сатирасының серкесі, қазақ әдебиетінің ірі өкілдерінің бірі – Шона Смаханұлының 100 жылдығына орай «Шоқ тілді Шона» атты кеш ұйымдастырылды.

Кештің мақсаты – ақын, жазушының шығармалары арқылы жастардың әдебиетке деген таным-түсінігін шыңдап, ой-өрістерін дамыту.

Кешке арнайы «Дулатитану және Өңір тарихы» ғылыми-зерттеу орталығының бас ғылыми қызметкері, ф.ғ.д., профессор Сәмен Құлбарақ пен оқытушылар,студенттер қатысты.

Сәмен Құлбарақ ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығы жайлы баяндама оқып, әйгілі сатириктің шығармашылығына кеңінен тоқталды.

Шона Смаханұлы — қазақ әдебиетіндегі сатира жанрының дамуына үлкен үлес қосқан қаламгерлігімен қатар, қазақ тіліндегі мектептер мен балабақшалар ашу жолында тынбай күрескен қажырлы еңбегімен туған халқының ықыласына бөленген күрескер азамат. Елімізде бірнеше мектеп Шона Смаханұлының есімімен аталады. Солардың бірі – Тараз қаласы Шона Смаханұлы атындағы №44 орта мектебі.

Кешке келген оқырман қауым Шона Смаханұлының шығармалары бойынша өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, маңызды мәліметтер мен ауқымды ақпараттар алып қайтты.

Қаныш Сәтбаев және қазақ ғылымы

«Дулатитану және Өңір тарихы» ғылыми-зерттеу орталығының басшысы т.ғ.к., профессор С.У.Бақторазовтың ұйымдастыруымен «Қаныш Сәтпаев және Қазақ ғылымы: деректемелік зерттеу мен тарихнамалық зерделеу перспективалары» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелдің мақсаты – Қазақстан ғылымының Қ.Сәтпаев басқарған кезеңін танып білу. Қазақтың тұңғыш академик-ғалымының туғанына 125 жыл толып отыр. Қ.Сәтпаевтың  Қазақстанның ҰҒА-ның басшысы ретінде  геологиядан басқа- бұкіл, ғылымның саласында, тарихта қалдырған еңбектері де мол. Осыған орай, ғалым еңбектерін  деректемелік  және тарихнамалық тұрғыдан зерделеп,  дәріптеу  бүгінгі күннің басты міндеттерінің бірі деп есептейміз.

Дөңгелек үстел барысында модератор т.ғ.к., профессор С.У.Бақторазов кіріспе сөзді  М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің Басқарма мүшесі- әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректоры Аслан Тұрлыбек ұлына берді. Ұлы тұлға жайында Аслан Тұрлыбек ұлы біршама ой қозғап, жиынды ашты. Дөңгелек үстелге  орталықтың бас ғылыми қызметкері, ф.ғ.д., профессор Сәмен Құлбарақ  «Қаныш Сәтпаев және Қазақ ғылымы», «Білім берудегі Тарих және география» кафедрасы PhD Идрисова Гулжан Бердимбаевна «Қ.Сәтпаевтың Қазақстан Республикасының академиясын ашудағы еңбегі», «Тарих» кафедрасы  меңгерушісінің м.а. PhD, аға оқытушы Ташқараева Әсел Мұхтарқызы « Қ.Сәтпаевтың ғылыми, ағартушылық-гуманистік және дүниетанымдық мұраттары», Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің докторанты Шакирбаева Индира Тулегеновна «Қ.Сәтпаев және Қазақстан ғылымы», «Тарих» кафедрасы  аға оқытушы  Елубаева Гулшат Ақжоловна «Қазақтың тау тұлғасы, атақты геологы – Қаныш Сәтпаев», «Тарих» кафедрасының аға оқытушы, тарих магистрі Көбесова Ақнұр  Смайловна «Қ.И.Сәтпаевтың Ұлытау өңіріндегі тарихи-мәдени ескерткіштерді зерттеудегі еңбегі»,«Тарих» кафедрасының аға оқытушысы, тарих магистрі Альдибаева Аида Берікқызы «Ұлы даланың — ұлы ғалымы», ОРОММИК-Олимпиадалық резервтің облыстық мамандырылған мектеп-интернат колледжі студенті Қуандық Алишер «Қаныш Сәтпаев – жан-жақты ғалым», тарих мұғалімдерін даярлау мамандығының 3 курс студенті  Әшірхан Құтттыбек «Ғасыр алыбы- Қ.Сәтпаев» атты тақырыптарда ғылыми баяндамалар жасалды.Қорытынды сөзде  модератор т.ғ.к., профессор С.У.Бақторазов ұлы ғалымның еңбегіне жан-жақты талдау жасалғанына тоқталып өтіп, белсене қатысқан баяндамашыларды  университеттің «Алғыс хатымен» марапаттады.

ҒЫЛЫМДЫ ДАМЫТУДЫҢ ҚАДАМДАРЫ

Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

2023 жылдың 14 желтоқсанында «Дулатитану және Өңір тарихы» ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен «Төле би тұсындағы Қазақ елі:Тәуелсіздік үшін үзіліссіз күрес» тақырыбында  республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

«М.Х.Дулати – көрнекті мемлекет қайраткері»

«Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» Президент Жолдауының   бастамасымен жас ұрпақты нағыз отаншылдыққа тәрбиелеу мақсатында  М.Х.Дулатидің аты берілген 3- 10 қараша аралығында университеттің  факультеттерінде «М.Х.Дулати – көрнекті мемлекет қайраткері» тақырыбында  танымдық-тәрбиелік іс-шаралар орталықтың ұйымдастыруымен  өткізілді.

Төсбелгімен марапатталды

25 қазан Республика күніне орай  профессор С.У.Бақторазов  “Ғылымды дамытуға сіңерген еңбегі үшін” төсбелгісімен марапатталды.

“Араб, парсы деректеріндегі Тараз және таризилер” кітабының тұсаукесері өтті

2023 жылы 26 қазанда М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде  «Дулатитану және Өңір тарихы» ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен шығыстанушы, ғалым, ф.ғ.д., Әбсаттар қажы Дербісәлінің “Араб, парсы деректеріндегі Тараз және таризилер” кітабының тұсаукесері өтті.

Дөңгелек үстел өткізілді

«Дулатитану және Өңір тарихы» ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен «Ұлы дала тарихының жазба мұралары» көрмесіне «Ұлы дала руханияты: Ғұламалар үндестігі» деген тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелдің іс-шара аясында қолжазбалар және сирек кітаптар көрмесі ұйымдастырылды. Түркі тектес халықтың ортақ қазынасы Ж.Баласағұнның “Құтты білік” қолжазбасының Вена нұсқасын университеттің  орталық мұражайына табыс етті.

«Ыбырай Алтынсарин және жаһандану жағдайындағы білім»

Хабар: «Ғибрат» (06-10-2021)

Дөңгелек үстел ұйымдастырылды

Дулати университетінде «Ұлы баба мұрасын насихаттайық» апталығы өтуде. Апталық аясында филология және журналистика кафедрасының 1-3 курс студенттерінің қатысуымен «М.Х.Дулати көрнекті мемлекет қайраткері» дөңгелек үстелі ұйымдастырылды.

Іс-шараға факультет деканы Мамырханова Жәмиля, «Дулатитану» ғылыми-зерттеу орталығы, музей қызметкерлері қатысты.

«Ахмет Байтұрсынұлы – адамдық пен білім диқаншысы» атты адалдық сағаты өтті

Бүгін Ақпараттық технологиялар факультетінде «Қазақ филологиясы мен журналистика» кафедрасының профессоры, ф.ғ.д., «Дулатитану» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Сәмен Құлбарақтың қатысуымен «Ахмет Байтұрсынұлы – адамдық пен білім диқаншысы» атты адалдық сағаты өтті.

Кездесу барысында Сәмен Құлбарақ Ахмет Байтұрсынұлы туралы құнды деректер мен тарихи мағлұматтармен бөлісіп, студенттердің білімі мен қызығушылығын арттырды. Сонымен қатар, ақынның нақыл сөздері айтылып, мағынасы түсіндірілді.

Көрермендер арасында викториналық сұрақтар қойылып, тақырыпқа сай мақал-мәтелдер айтылды. Іс-шара соңында «Көңіл толқыны» атты күй тартылып, «Қазақстан» әні шырқалды.

Сұхбат берді

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің профессоры ф.ғ.д., тіл жанашыры Құлбарақ Сәмен Оразғалиұлы Конституциялық мәртебе берілген мемлекеттік тіл – қазақ тілінің қоғамдағы рөлі мен қажеттілігі туралы сұхбат берді.

Ссылка: https://www.instagram.com/tv/CTjyxoKjp7o/?utm_source=ig_web_button_share_sheet

«Тіл – татулық тірегі»

5 Қыркүйек — Қазақстан халқы тілдері күніне арналған онкүндік аясында «Тіл – татулық тірегі» атты облыстық форум ұйымдастырылды.
Форумның мақсаты өңірде тіл саясатын насихаттау, оның қолданыс аясын кеңейту.
Шара барысында өңірде тіл саласын дамытуға үлес қосып жүрген тіл жанашырларына Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің, Тіл саясаты комитеті төрағасының Құрмет грамоталары мен басқарма басшысының Алғысхаттары табыс етілді.
Форум аясында белсенді этнос жастары мен тіл жанашырлар өз ойларымен бөлісіп, мемлекеттік тіл – қазақ тілін меңгеруге, құрметтеуге шақырды.