Өмірбаян

М.Х. Дулати–көрнекті мемлекет қайраткері, қазақтың – тұңғыш тарихшысы, философы, ғұлама ақын, дипломат, әскери қолбасшы және ол қазақ халқын құраған ежелгі түркі тайпаларының бірі ұлы ойшыл ғалым.

Дулат Хұсайынұлы Мұхаммед Хайдар 1499 жылы Ташкент қаласының төңірегінде дүниеге келген. Жетісудағы Дулат тайпасы әмірлерінің ұрпағы. Ұлы атасы Мухамед Хайдар мырза Қашқарияны биледі. Әкесі Мұхаммед Хусайн ХҮ- ғасырдың  ақыры мен ХҮІ ғасырдың басында Моголстанның батыс бөлігін билеген Сұлтан Махмұд ханның жақын адамдарының бірі болды. Мұхаммед Хайдардың анасы Хубнигар ханым – Шағатай ұрпағы, Моғолстан ханы – Жүнісханның қызы. Ол Ташкент қаласын билеп, Алмалыққа дейін басқарған. Хайдардың жазуынша Жүнісхан – көшпелі руларды отаршылыққа айналдырып, қала салу ісімен шұғылданған кісі.

М.Х.Дулат Моғолстанның  сұлтан Сайд ханмен  және Үндістандағы баласы  ұлы Моғолдар әулетінің негізін қалаушы Захир әд-Дин Мұхаммед Бабырмен бөле. М.Х.Дулатидің балалық шағы Мұхаммед Шайбани хан бастаған көшпелі өзбектердің қысымынан Орта Азияда Әмір Темір әулеті мемлекетінің күйреуі, Моғолстанның ыдырау және қазақ хандығының өркендеу дәуірімен тұстас келді. Сұлтан Махмұд хан мен Мұхаммед Шайбани ханның соғыстары кезінде 1508 жылы Шайбани әскерінің қолында М.Х.Дулаттың әкесі  өледі. Cегіз жасар Хайдар әкесінен жетім қалып, үш-төрт жылдай Кабулдағы өзінің бөлесі, атақты жазушы Бабырдың қолынан тәрбие алады. Ол Бабырдың Мауереннахр жорығына қатысты. 1512 жылдан бастап Сұлтан Сайд ханның Қашқардағы сарайында тұрып, әскери және сарай қызметін атқарды. Оның Әбу Бәкірмен Қашқар және Жаркент үшін 1514 жылы болған соғысына, сондай-ақ Қырғыстанға, Оңтүстік– Шығыс Қазақстанға және Тибетке жасаған әскери жорықтарына қатысты.

Хан мұрагері – Әбу ар-Рашид сұлтанды тәрбиеледі. 1533 жылы хан тағына отырған Әбу ар-Рашид дулат тайпасының басшыларынан қауіптеніп, оларды қатты қуғынға ұшыратты. М.Х.Дулаттың немере ағасы Сайд Мырза өлтірілді. М.Х.Дулат Үндістанға қашып кетті. Ол мұнда ұлы  Моғолдар сарайында әскери    қолбасшы   болды, Кашимирді жаулап алу соғысына қатысады. Жаулап алғаннан кейін Ұлы Моғолдар атынан біраз уақыт Кашмирді билеп тұрады. 551 жылы жергілікті халықтың көтерілісі кезінде 52 жасында сол жерде дүние салады. М.Х.Дулати – XV ғасырдың алғашқы жартысында жасаған Бабыр сияқты, Орта Азия мен Қазақстаннан шыққан білгіш, майталман кісінің бірі.Ол ғылымға қатты көңіл бөліп, кітап оқып, өлең шығарып, сурет салу ісімен айналысады, зергерлік, шеберлік, ұсталық өнерімен шұғылданады. Онымен бірге Хайдар өзінің ойға жүйрік, майталман, сөзге шебер, ерекше саңлақ болуымен халық ортасында даңқты болады.

М.Х.Дулати–Орта Азия халықтарының тарихы, этнографиясы мен географиясы, тілі мен әдебиеті, мәдениеті туралы сөз ететін «Тарих-и Рашиди» кітабы мен «Жаһан наме» атты классикалық шығармалардың авторы.