Home / News / Digital Kazakhstan: цифрлық білім берудегі тәжірибелер, идеялар, перспективалар

Digital Kazakhstan: цифрлық білім берудегі тәжірибелер, идеялар, перспективалар

2024 жылдың 8 қарашасы Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары  колледжі» ұйымдастыруымен «Digital Kazakhstan: цифрлық білім берудегі тәжірибелер, идеялар, перспективалар» тақырыбындағы республикалық ғылыми-практикалық конференциясы өткізді.

Конференцияның максаты: озық білім беру тәжірибесін дамытудың негізгі тенденциялары туралы ұғымдарын кеңейту, цифрлык білім берудің теориясы мен практикасын өзара әрекеттестіру.

Конференция міндеттері: тиімді тәрбие мен оқытудың жаңа әдістері, тәсілдері мен формаларына ізденіс жасау; ТжКББ педагогтерінің кәсіби біліктілігін арттырып, өзара тәжірибе алмасу және жаңа идеялармен бөлісу.

Модератор: Баялиева Айжан  Жанатбайқызы, Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары  колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы.

Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжі директорының ғылыми және оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Абжапарова Бағила Көшербайқызының құттықтау сөзі берілді. Пленарлық мәжілісте Дүйсенбі Асқар Кейкіұлы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты, PhD докторы. Баяндама тақырыбы:“Единица жақсысы: Абай мұраларын зерттеудің ғаламтор антологиясы”, Муксиева Нургуль Едиловна, Қатира Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі директорының өндірістік тәжірибе жөніндегі орынбасары Баяндама тақырыбы: «Кәсіптік практикада жасанды интеллект қолданудың маңызы»,Байғабыл Айгерім Кенжеқызы, Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы, тілдерді оқыту орталығының аға әдіскері  Баяндама тақырыбы: «Қазақ тіліндегі қажетті платформалар», Самбетова Гаухар Тешебаевна  М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті «Дулатитану және өңір тарихы» ғылыми-зерттеу орталығының ғылыми қызметкері, тарих магистрі. Баяндама тақырыбы: «Жасанды интеллект білім беру саласына серпін береді.»

Конференция ұйымдастырушысы Баялиева Айжан  Жанатбайқызы, барша қатысқан қатысушыларға алғыс білдіріп, сертификат пен алғыс хат табыстады.