Мекемтас Мырзахметұлын еске алу кеші өтті
2025 жылдың 24 қаңтар күні М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінде ф.ғ.д. профессор Мекемтас Мырзахметұлын еске алу кеші өтті. Кездесуге Дулати университетінің профессор-оқытушылар құрамы, ғалымдар қатысып, Мекемтас Мырзахметұлының ғылым мен білімге қосқан елеулі үлесін, ғылыми мұраларын ұлықтап, еске алды. Ғалымдар мен ұстаздар арасында әңгіме өрбітіп, Мекемтас Мырзахметұлының қазақ тіл біліміндегі ерекше орнын атап өтті.
Сонымен қатар, Құлбарақ Сәмен сөз сөйлеп, оның зерттеулері мен қоғамдық істердегі маңызды рөлін айтып, жас ғалымдарды осындай көрнекті тұлғалардың жолын жалғастыруға шақырды. Ол профессор Мекемтас Мырзахметұлының еңбекқорлығы мен ғылымға деген адалдығы туралы естеліктерімен бөлісті, оның шәкірттеріне көрсеттігі зор әсері туралы әңгімеледі.
Қатысушылар университеттің ғалымдарына арналған әртүрлі ғылыми жобаларды қолға алып, Мекемтас Мырзахметұлының есімін ұлықтау бағытында жұмыстар атқаратындарын жеткізді.