«Байзақ батырдың ақырғы күндері» кітабының тұсаукесер кеші
Филология ғылымдарының докторы, ҚР Жазушылар одағының мүшесі, М. Х. Дулати атындағы Тараз университетінің профессоры, Дулатитану және Өңір тарихи-зерттеу орталығының бас ғылыми қызметкері ,әдебиеттану саласындағы бірнеше кітаптардың авторы Сәмен Құлбарақтың «Байзақ батырдың ақырғы күндері» кітабының тұсаукесері кеші.
Өтетін орны: Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы
Өтетін уақыты: 24.12.2025 сағат 11:00
Мақсаты: Ұлт тарихындағы көрнекті тұлға Байзақ батырдың ерлік жолын насихаттау. Жазушы Сәмен Құлбарақтың әдеби-ғылыми мұрасын таныту. Жастардың тарихи санасын, елдік рухын қалыптастыру.
Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында филология ғылымдарының докторы, ҚР Жазушылар одағының мүшесі, М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің профессоры, «Дулатитану және өңір тарихы» ғылыми-зерттеу орталығының бас ғылыми қызметкері, «Ғылымға сіңірген еңбегі үшін», «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгілерінің иегері, облыстық ономастикалық комиссияның мүшесі, аймақтық менеджмент академиясының академигі, әдебиеттану саласындағы бірнеше кітаптардың авторы. Сәмен Құлбарақтың «Байзақ батырдың ақырғы күндері» кітабының тұсаукесер кеші өтті.
Тұсаукесер кешіне келген қонақтар батырдың тарихи күндерін архив деректерімен, тарихи шындықпен және көркем оймен астастыра отырып бейнеленген еңбектің жазылу тарихы, идеялық мақсаты, ел тарихында өшпес із қалдырған батыр тұлғаның тағдырын көркем әрі ғылыми тұрғыда зерделеген тағылымды еңбек туралы пікір алмасып, ой бөлісті.



24 Dec 2025
121 