Басты бет / Жаңалықтар / «Дулати мұрасы және ұлттық құндылықтар» тақырыбында дәріс өтті

«Дулати мұрасы және ұлттық құндылықтар» тақырыбында дәріс өтті

2026 жылдың 1 сәуірінде М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінде «Дулати мұрасы және ұлттық құндылықтар» тақырыбында мазмұнды дәріс өтті. Іс-шара Филология кафедрасының ұйымдастыруымен 2.6 316 кабинетінде (3-қабат) өткізілді.

Дәріске «Дулатитану және өңір тарихы» ғылыми-зерттеу орталығының бас ғылыми қызметкері филология ғылымының докторы, профессор Сәмен Құлбарақ дәріс жүргізді, студенттерге тағылымды баяндама жасады.

Шара барысында ғалым Мұхаммед Хайдар Дулати мұрасының тарихи және рухани маңызына кеңінен тоқталып, оның еңбектеріндегі ұлттық құндылықтар мен тәлімдік ойлардың бүгінгі қоғам үшін өзектілігін атап өтті. Сонымен қатар, Дулати еңбектеріндегі елдік, бірлік, руханият мәселелері жан-жақты талқыланды.

Дәріс барысында студенттер белсенділік танытып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мазмұнды жауаптар алды. Мұндай іс-шаралар жас ұрпақтың тарихи санасын қалыптастыруға, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге үлкен ықпал ететіні атап өтілді.

Аталған дәріс студенттердің білімін тереңдетіп қана қоймай, олардың ұлттық мұраға деген қызығушылығын арттыруға бағытталды.