Басты бет / Жаңалықтар / Ғылым күніне арналған дөңгелек үстел өтті

Ғылым күніне арналған дөңгелек үстел өтті

2026 жылғы 20 сәуір күні Тараз қаласындағы Д.И. Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университетінің филиалында Қазақстан Республикасының Ғылым күніне орай «Ғылым күні РХТУ-да» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шара «Дулатитану және өңір тарихы» ғылыми-зерттеу орталығымен бірлесіп ұйымдастырылды.

Дөңгелек үстелдің мақсаты – ғылымның маңыздылығын насихаттау, жас ұрпақтың ғылыми-зерттеу қызметіне қызығушылығын арттыру және Қазақстан ғылымының даму бағыттарын талқылау.

Іс-шара Төле би көшесі, 62 мекенжайындағы конференц-залда өтті. Оған университеттің 1-курс студенттері мен оқытушылар құрамы қатысты. Дөңгелек үстелдің модераторы – Нуркина Р.Н.

Бағдарлама аясында бірқатар мазмұнды баяндамалар ұсынылды:

  1. «Дулатитану және өңір тарихы» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Максутова Альбина Әбенқызы «М.Х. Дулатидың “Тарих-и Рашиди” еңбегінің тарихнамасы» тақырыбында баяндама жасады;
  2. Бауыржантану ғылыми-зерттеу орталығының ғылыми жетекшісі Найзабаев Алимбай Аманбайұлы «Бауыржантану – болашақтың ғылымы» тақырыбында баяндама жасады;
  3. Аталған орталықтың аға ғылыми қызметкері Самбетова Гаухар Тешебайқызы «Дулатитану және өңір тарихын зерттеу – ұлттық сананы жаңғыртудың негізі» тақырыбында ой қозғады;
  4. Сонымен қатар студенттер мен жас зерттеушілер ғылымның түрлі бағыттары бойынша өз баяндамаларын ұсынды.

Іс-шара барысында қатысушылар ғылымның қоғамдағы рөлі, оның ұлттық даму мен халықаралық ғылыми кеңістіктегі маңызы жөнінде пікір алмасты.

Дөңгелек үстел соңында қатысушылар естелік суретке түсіп, ғылыми ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ниет білдірді.