«Алғыс айту» күніне орай дөңгелек үстел өткізілді
2025 жылғы 1 наурыз күні Жамбыл облысы әкімдігінің цифрландыру және архивтер басқармасының «Жамбыл облысының мемлекеттік архиві» КММ ұйымдастыруымен «Алғыс айту» күніне орай «Жамбыл облысындағы балалар үйі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шара барысында Жамбыл облысының мемлекеттік архивінің орталық басшысы Бақторазов сөз сөйлеп, балалар үйі тәрбиеленушілерінің өмірі мен тағдырлары туралы естеліктер мен тәжірибелермен бөлісті. Ол балалар үйінің тарихын зерттеу, оның маңыздылығы мен қоғамдағы рөлі жайында айтып өтті.
Дөңгелек үстел барысында архив қорынан алынған құнды деректер мен фотоқұжаттар ұсынылып, балалар үйінің тәрбиеленушілеріне қатысты түрлі тарихтар мен мәліметтер таныстырылды. Мұндай шаралардың маңызы зор, себебі олар ұрпақтар арасындағы байланысты нығайтып, тарихымызды сақтауға, келер ұрпаққа жеткізуге мүмкіндік береді.
Іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, архив қызметкерлері, тарихшылар мен қоғам қайраткерлері қатысты. Олар бұл шараның маңыздылығын атап өтіп, қоғамда балалар үйі мен олардың тәрбиеленушілерінің жағдайын жақсартуға бағытталған жұмыстарды жалғастыру қажеттігін білдірді.