Басты бет / Жаңалықтар / «Мақтан тұтар ұлы тұлға» тақырыбында дәріс сағаты өтті

«Мақтан тұтар ұлы тұлға» тақырыбында дәріс сағаты өтті

2025 жылдың 11 наурыз күні Тараз қаласындағы Ы. Алтынсарин атындағы №49 мектеп-гимназиясында көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаевқа арналған дәріс сағаты өтті. Іс-шараға белгілі ғалымдар, ұстаздар мен оқушылар қатысты. Дәріс барысында Орталықтың бас ғылыми қызметкері Құлбарақ С. О. сөз сөйлеп, Қонаевтың Қазақстанның экономикалық, саяси және мәдени дамуына қосқан үлесі туралы кеңінен баяндады. Ол өз сөзінде мемлекет қайраткерінің адалдығы, іскерлігі мен халқына сіңірген еңбегі жайында атап өтіп, жастарды елдің өркендеуіне өз үлесін қосуға шақырды. Дәріс сағаты барысында оқушылар да белсенділік танытып, Қонаевтың өмірі мен қызметіне қатысты сұрақтар қойды. Сонымен қатар, шара аясында тарихи фотосуреттер көрмесі ұйымдастырылып, Дінмұхаммед Қонаевтың еңбектері мен өмірбаяны туралы кітаптар таныстырылды. Бұл іс-шара оқушылардың ел тарихына, ұлт қайраткерлерінің еңбегіне деген қызығушылығын арттыруға және патриоттық сезімін нығайтуға бағытталды.