“Х.М.Дулатидың еңбектері – түркі тілдес халықтардың ортақ мұрасы» атты тақырыбында халықаралық ғылыми-семинар өтті
М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің Ғылым және коммерцияландыру департаментіне қарасты «Дулатитану және өңір тарихы» ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен “Х.М.Дулатидың еңбектері – түркі тілдес халықтардың ортақ мұрасы » атты тақырыбында халықаралық ғылыми- семинар өтті. Семинарға университет оқытушылары, зерттеушілер, магистранттар мен докторанттар қатысты.
Іс- шараның модераторы — «Дулатитану және Өңір тарихы» ғылыми-зерттеу орталығының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, профессор Құлбарақ Сәмен Оразғалиұлы.
Негізгі баяндама жасаған Гази университеті «Білім» факультеті, «Түрік тілі» бөлімінің докторы, PhD аға оқытушы Ерол Барын «Дулати мұрасы: Тіл – ұлттың мәдени болмысы мен рухани кемелдігінің темірқазығы» тақырыбында мазмұнды баяндама жасады.
Баяндаманы Анкара Хажы Байрам Вели университетінің 4-курс докторанты Сатаева Ботагөз ілеспе аударма жасады.
Құрметті әріптестер, қадірлі қатысушылар!
Бүгін біз тек бір тарихи тұлғаның еңбегін ғана талқылап отырған жоқпыз. Біз – тұтас түркі дүниесінің рухани іргетасын сақтап тұрған Дулати мұрасын қайта зерделеп отырмыз.
Мұхаммед Хайдар Дулати — түркі өркениетінің мәдени кодын терең түсінген ғалым. Оның «Тарих-и Рашиди» еңбегі – тек тарихи дерек қана емес, бұл – тілдің, мәдениеттің және рухани дәстүрдің үндестігін көрсететін шынайы рухани энциклопедия.
Дулати тілді ұлттың мәдени болмысының темірқазығы деп қарастырған. Ол үшін тіл – тек қарым-қатынас құралы емес, ол халықтың мінезі, дүниетанымы, рухани әлемі.
Егер тіл жоғалса, халықтың рухани өзегі де әлсірейді.

Сондықтан Дулати еңбектері бізге үш маңызды ой қалдырады:
- Тіл – ұлттық бірліктің негізі.
Түркі халықтарының көпғасырлық тарихы мен мәдениетін байланыстырып тұрған басты күш – тіл.
- Рухани кемелдену тіл арқылы жүзеге асады.
Адамның ішкі мәдениеті, дүниені қабылдауы, тіпті адамгершілік қасиеттері де тілмен қалыптасады.
- Өткенді білу – болашақты айқындайды.
Дулатиды оқу – тарихты ғана тану емес, бүгінгі күннің рухани сұрақтарына жауап іздеу.
Біз қазіргі заманда технология, ғылым, цифрландыру сияқты үдерістердің ортасында өмір сүріп жатырмыз. Бірақ қандай өзгеріс болса да, тіл мен руханият – адамзаттың мәңгілік құндылығы болып қала береді.
Сондықтан сіздер, жас ұрпақ, өз тарихын, өз тілін құрметтеп, Дулати сияқты ұлылар қалдырған мұраны терең түсінуге ұмтылуларыңыз қажет.
Дулати бізге мынаны аманаттады: «Өзіңнің кім екеніңді білгің келсе, тіліңе, тарихыңа қара».
Пікірталас барысында қатысушылар тарапынан түрлі ғылыми сұрақтар қойылып, баяндамашы жан-жақты жауап берді.
Осы кезеңде «Дулатитану және Өңір тарихы» ғылыми-зерттеу орталығының аға қызметкері Самбетова Гаухар Тешебайқызы да мазмұнды сұрақ қойып, баяндамашымен ғылыми пікір алмасты.
Оқушылардың арасындада шығып сұрақтар қойды.
Қорытынды бөлімде қатысушылар Дулати мұрасының түркі өркениеті тарихындағы рөлі, тіл және мәдени сабақтастық мәселелері бойынша өз ойларын ортаға салды.Түрік елінен келген Ерол Барынға баяндама жасағаны үшін алғыс хат табысталды. Алдағы уақытта дәстүрлі түрде жалғасатынын және Дулатидың ғылыми мұрасын тереңінен зерттеу бағытында жұмыстар жүргізілетінін атап өтті.



02 Желт 2025
33 