Абай атындағы кітапханада Мекемтас Мырзахметов туралы сұхбаттық кеш өтті
Абай атындағы кітапханада қазақ руханиятының ірі тұлғасы, абайтанудың көрнекті ғалымы, профессор Мекемтас Мырзахметовтің өмірі мен ғылыми мұрасына арналған мазмұнды сұхбаттық кеш өтті.
Кеш барысында ғалымның ұлттық әдебиетке, абайтану ғылымына қосқан өлшеусіз еңбегі, оның педагогикалық, ғылыми-танымдық жұмыстары кеңінен сөз болды. Мекемтас Мырзахметовтің тұлғалық болмысы, ғылыми мектебі, оның бүгінгі қазақ ғылымындағы орны жан-жақты талқыланды.
Шараға белгілі «Дулатитану және Өңір тарихы» ғылыми-зерттеу
орталығының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымының докторы, профессор Құлбарақ Сәмен Оразғалиұлы қатысып, Мекемтас Мырзахметовпен бірнеше жылдық шығармашылық және ғылыми байланыстары туралы әсерлі әңгімелермен бөлісті. Ол ұстаздың терең ойшылдығы, ұлт тарихы мен әдебиетін зерделеудегі өзіндік әдіснамасы, жас буынға бағыт-бағдар берудегі ұстаздық парасатын ерекше атап өтті.
Құлбарақ Сәмен Оразғалиұлы «Дулатитану және Өңір тарихы» ғылыми-зерттеу орталығының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымының докторы, профессор:
өзінің сөзінде:
- Мекемтас Мырзахметовтің абайтануға қосқан жаңашыл көзқарастары,
- оның архивтік мұраларды зерттеудегі еңбектері,
- рухани құндылықтарды сақтау жолындағы қайраткерлігі
туралы кеңінен әңгімелеп, қатысушыларға тың деректер мен естеліктерді ұсынды.
Кеш барысында оқырмандар мен жастар тарапынан сұрақтар қойылып, ғалымдардың жауаптары тыңдалды. Шара жылы атмосферада өтіп, қатысушыларға терең рухани ой қалдырды.



08 Желт 2025
24 