Басты бет / Жаңалықтар / Бауыржан Момышұлының мұрасы – ұлттық рухтың қайнар көзі

Бауыржан Момышұлының мұрасы – ұлттық рухтың қайнар көзі

2025 жылы 10 желтоқсанда «Дулатитану және өңір тарихы» ғылыми-зерттеу орталығы мен «Бауыржантану» бірлесіп, «Бауыржан Момышұлының мұрасы – ұлттық рухтың қайнар көзі» атты облыстық дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Дөңгелек үстелдің модераторы – Құлбарақ Сәмен Оразғалиұлы, «Дулатитану және Өңір тарихы» ғылыми-зерттеу орталығының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, профессор.

Іс-шара мазмұнды баяндамалармен жалғасты:

Бақытжан Маханұлы Мақашев, ҚР Журналистер одағының мүшесі, ҚР Білім беру ісінің үздігі, әдебиеттанушы

«Бауыржан Момышұлы шығармаларындағы ұлттық рух мәселесі» тақырыбында баяндама жасап, батыр шығармашылығының рухани мәнін талдады.

Меңдібай Әбілұлы, филология ғылымдарының кандидаты, Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің профессоры, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі, Қазақстан жазушылар және журналистер одағының мүшесі, бауыржантанушы «Бауыржан Момышұлының “Москва үшін шайқас” романының біз білмейтін құпиялары» туралы тың мәліметтер ұсынды.

Сұрақ-жауап бөлімінде пікір алмасуға «Дулатитану және Өңір тарихы» ғылыми-зерттеу орталығының қызметкерлері Самбетова Гаухар Тешебайқызы мен Дүйсенова Динара Насырқызы белсенді қатысып, мазмұнды сұрақтар мен ұсыныстарын білдірді.

Іс-шараға  студенттері де қатысып, Бауыржан Момышұлының мұрасына қатысты өз ой-пікірлерін ортаға салып, талқылауға белсенді араласты. Жас буынның қызығушылығы батыр мұрасының ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқанын көрсетті.

Шара соңында дөңгелек үстелдің ұйымдастырылуына және мазмұнды талқылауға белсенді атсалысқан бірқатар қатысушыларға Алғыс хаттар табысталды. Бұл марапат қатысушылардың қоғамдық-ғылыми жұмыстарға үлесін атап өту мақсатында берілді.

Іс-шара пікір алмасумен қорытындыланып, Бауыржан Момышұлы мұрасының ұлттық рухты қалыптастырудағы маңыздылығы жөнінде құнды ойлар ұсынылды.