Тараз төрінде «Әулиеата – кітап оқитын өңір» жобасы қорытындыланады
2025 жылғы 17 желтоқсан күні сағат 11:00-де Тараз қаласындағы Көркемсурет галереясында «2025 – Кітап оқу жылы» аясында жүзеге асырылған «Әулиеата – кітап оқитын өңір» жобасының салтанатты қорытынды кеші өтеді.
Аталмыш шараның басты мақсаты – өңірдегі оқу мәдениетін көтеру, кітапқа деген қызығушылықты арттыру және жыл бойы атқарылған ауқымды жұмыстарды саралап, белсенді оқырмандар мен жобаға үлес қосқан тұлғаларды марапаттау.
Іс-шараның құрметті қонағы ретінде белгілі ғалым, “Дулатитану және өңір тарихы”ғылыми-зертеу орталығының бас ғыоыми қызметкері ,филология ғылымдарының докторы, профессор Сәмен Оразғалиұлы Құлбарак қатысады. Кеш барысында өңірдің зиялы қауым өкілдері, кітапхана ісінің мамандары және жас оқырмандар бас қоспақ.
Бағдарламада:
* «Әулиеата – кітап оқитын өңір» жобасының жылдық есебі мен жетістіктері;
* Кітап оқуды насихаттауға атсалысқан азаматтарды марапаттау рәсімі;
* Тақырыптық кітап көрмесі және мәдени бағдарлама.
Жамбыл облысы – ежелден білім мен мәдениеттің ордасы. «Кітап оқу жылы» аясында ұйымдастырылған бұл жоба өңір тұрғындарының рухани әлемін байытуға және кітапханалардың рөлін нығайтуға үлкен септігін тигізді.
Өткізілетін орны: Тараз қаласы, Көркемсурет галереясы.
Басталуы: 11:00.



17 Желт 2025
142 