Басты бет / Жаңалықтар / №3 Байзақ колледжінде оқытушылармен кездесу өтті

№3 Байзақ колледжінде оқытушылармен кездесу өтті

Бүгін №3 Байзақ колледжінде аудан әкімінің қатысуымен білім саласының мамандарымен маңызды кездесу өтті. Жиынға белгілі “Дулатитану және өңір тарихы”ғылыми-зертеу орталығының бас ғылыми қызметкері ,филология ғылымдарының докторы, профессор Құлбарақ Сәмен Оразғалиұлы да қатысып, өз пікірін білдірді.

Кездесу барысында еліміз үшін аса маңызды кезең – жаңа Ата Заң жобасының жариялануы кеңінен талқыланды. Бұл құжат еліміздің құқықтық, әлеуметтік және рухани дамуына серпін беретін стратегиялық қадам ретінде бағаланды.

Жаңа Конституция жобасында білім беру саласына ерекше көңіл бөлініп, әр азаматтың сапалы әрі қолжетімді білім алу құқығы нақты бекітілгені айтылды. Сондай-ақ, білім жүйесінің әділдігі мен ашықтығы, заманауи талаптарға сай дамуы басты басымдықтардың бірі ретінде қарастырылған.

Жиын барысында мұғалімдердің мәртебесін арттыру, білім сапасына жауапкершілікті күшейту, ауыл мен қала мектептері арасындағы алшақтықты азайту мәселелері қозғалды. Құлбарақ Сәмен Оразғалиұлы өз сөзінде білім мен ғылымның ел болашағындағы рөліне тоқталып, зияткер ұлт қалыптастыру жолындағы мұғалім еңбегінің маңызын атап өтті.

Кездесу қорытындысында жастардың өз әлеуетін толық іске асыруына тең мүмкіндік жасау – мемлекеттің басты мақсаттарының бірі екені айтылды. Бұл өзгерістер бәсекеге қабілетті, білімді ұрпақ тәрбиелеуге және елдің тұрақты дамуына берік негіз қалайды. Жаңа Ата Заң халқымыздың әл-ауқатын арттырып, жарқын болашаққа жол ашатынына сенім білдірілді.