Қазақ қоғамындағы әулеттер: тарихы, тағдыры және тағылымы
Алматыда «Қазақ қоғамындағы әулеттер: тарихы, тағдыры және тағылымы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
2026 жылғы 27 ақпанда Алматы қаласында «Қазақ қоғамындағы әулеттер: тарихы, тағдыры және тағылымы» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Аталған ғылыми жиынға отандық және шетелдік ғалымдар, зерттеушілер мен жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты.
Конференция жұмысына «Дулатитану және Өңір тарихы» ғылыми-зерттеу орталығының басшысы, PhD доктор, қауымдастырылған профессор Максутова Альбина Әбенқызы қатысып, мазмұнды баяндама жасады. Ғалымның баяндамасы конференция бағдарламасына енгізіліп, қатысушылар тарапынан жоғары қызығушылық тудырды.
Альбина Әбенқызы өз баяндамасында қазақ қоғамындағы әулеттердің тарихи рөлі, олардың қоғамдық-саяси және рухани дамуға қосқан үлесі, сондай-ақ ұрпақ сабақтастығы мәселелеріне кеңінен тоқталды. Баяндама ғылыми ортада пікірталас туғызып, зерттеу бағыттарын тереңдетуге мүмкіндік берді.
Халықаралық конференция Алматы қаласы, Шевченко көшесі, 28 мекенжайында орналасқан «Ғылым ордасының» 2-қабатындағы үлкен конференц-залда өтті. Іс-шара барысында қазақ қоғамының тарихи жады, әулеттік дәстүрлер және олардың бүгінгі заманмен сабақтастығы жан-жақты талқыланды.
Аталған конференция отандық тарих ғылымының дамуына, ғылыми ынтымақтастықты нығайтуға және өзекті тарихи мәселелерді кең ауқымда талқылауға маңызды алаң болды.
Конференция қорытындысы бойынша «Дулатитану және Өңір тарихы» ғылыми-зерттеу орталығының басшысы, PhD доктор, қауымдастырылған профессор Максутова Альбина Әбенқызы халықаралық ғылыми-практикалық конференция жұмысына белсене қатысып, мазмұнды әрі өзекті баяндама жасағаны үшін ұйымдастырушылар тарапынан Алғыс хатпен және арнайы төсбелгі-медальмен марапатталды. Бұл марапат ғалымның қазақ қоғамындағы әулеттер тарихын зерттеуге қосқан елеулі үлесінің және ғылыми ізденістерінің жоғары бағаланғанын айқындайды.



02 Нау 2026
11 