Басты бет / Жаңалықтар / Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған іс-шара өтті

Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған іс-шара өтті

Жамбыл ауданында ұлы ақын Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл толуына орай бірқатар мәдени-танымдық іс-шаралар ұйымдастырылды. Атаулы мерейтой аясында Жамбыл аудандық орталық кітапханасы тарапынан өткізілген мазмұнды шараға зиялы қауым өкілдері, кітапхана қызметкерлері және оқырмандар қатысты.

Іс-шара барысында Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы, қазақ әдебиеті мен руханиятына қосқан өлшеусіз үлесі кеңінен насихатталды. Ақын мұрасын дәріптеуге арналған баяндамалар оқылып, әдеби-танымдық пікір алмасулар өтті.

Аталған мәдени жиынға, “Дулатитану және өңір тарихы”ғылыми-зертеу орталығының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, профессор Сәмен Оразғалиұлы Құлбарақ қатысып, Жамбыл Жабаев шығармашылығының ұлттық сана мен тарихи жадыны қалыптастырудағы маңызына тоқталды. Ол өз сөзінде ақын мұрасын өскелең ұрпаққа таныту – бүгінгі күннің маңызды міндеттерінің бірі екенін атап өтті.

Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған бұл іс-шара өңірдегі мәдени өмірді жандандырып, ұлттық әдеби мұраны кеңінен насихаттауға өз үлесін қосты.