«Қазақстан тарихын зерттеудің өзекті мәселелері» атты тақырыбында ғылыми дөңгелек үстел өтті
2026 ЖЫЛЫ ҒЫЛЫМ КҮНІНЕ ОРАЙ ЖОСПАРЛАНҒАН ІС-ШАРАҒА БАЙЛАНЫСТЫ «Қазақстан тарихын зерттеудің өзекті мәселелері» атты тақырыбында ғылыми дөңгелек үстел өтті
Тараз қаласында «Дулатитану және Өңір тарихы» ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен «Тарих» кафедрасының «Қазақстан тарихын зерттеудің өзекті мәселелері» атты ғылыми дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның мақсаты – Қазақстан тарихының маңызды мәселелерін ғылыми тұрғыда талқылау, жаңа зерттеу бағыттарын айқындау және жас зерттеушілердің ғылыми ізденістеріне қолдау көрсету.
Дөңгелек үстел жұмысына кафедраның профессор-оқытушылар құрамы, жас ғалымдар мен студенттер қатысты. Атап айтқанда, 6В02211 – «Тарих» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттері белсенді қатысып, тарихи зерттеулердің өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты. Іс-шара барысында Қазақстан тарихының өзекті бағыттары, тарихи деректерді жаңаша талдау, ұлттық тарихты зерттеудің заманауи әдістері және тарихи мұраны сақтау мәселелері кеңінен талқыланды.
Жиын барысында «Дулатитану және Өңір тарихы» ғылыми-зерттеу орталығының басшысы, PhD доктор, қауымдастырылған профессор Максутова Альбина Әбенқызы сөз сөйлеп, Қазақстан тарихын зерттеудегі заманауи ғылыми бағыттар, өңір тарихын зерделеудің маңыздылығы және тарихи мұраларды ғылыми тұрғыда зерттеудің өзектілігі туралы атап өтті.
Дөңгелек үстелге «Тарих» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы қатысты, атап айтқанда:
- Максутова Альбина Әбенқызы – қауымдастырылған профессор (доцент), PhD
- Мәлік Үміт Берікболқызы – PhD
- Мырзаханова Назгүл Рысбекқызы – аға оқытушы
- Биназарова Назым Нұрлановна – аға оқытушы
- Алпысбаева Ғалия Бақытқызы – аға оқытушы
- Сентаева Рита Темірбекқызы – аға оқытушы
Іс-шара соңында қатысушылар Қазақстан тарихын зерттеу бағытындағы ғылыми ынтымақтастықты дамыту, жаңа деректерді ғылыми айналымға енгізу және жас ғалымдарды ғылыми зерттеулерге белсенді тарту қажеттігін атап өтті.
Ғылыми дөңгелек үстел тарихи ғылымды дамытуға және ұлттық тарихты тереңірек зерттеуге бағытталған маңызды пікір алмасу алаңына айналды.



12 Нау 2026
7 