Дінмұхамед Қонаевтың туғанына орай еске алу шарасы өткізілді
2025 жылдың 12 қаңтар күні Тараз қаласында халқымыздың ұлы тұлғасы, қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың туғанына орай еске алу шарасы өткізілді. Бұл маңызды іс-шараға Тараз қаласының зиялы қауымы, ғалымдар, студенттер мен білім беру саласының өкілдері қатысты.
Іс-шара барысында Құлбарақ Сәмен сөз сөйлеп, Дінмұхамед Қонаевтың мемлекетіміздің дамуындағы аса маңызды қызметтерін атап өтті. Ол Қонаевтың еңбек жолы мен еліміздің экономикасы, мәдениеті мен ғылымының дамуына қосқан үлесін ерекше бағалап, жас ұрпақты осы тұлғаның өмірі мен мұрасына құрмет көрсетуге шақырды. Сонымен қатар, Құлбарақ Сәмен ұлы тұлғаның идеалдары мен ұстанымдарын жастарға насихаттаудың маңыздылығын атап өтті.