Главная / Новости / Ғылыми-танымдық конференция өтті

Ғылыми-танымдық конференция өтті

13 ақпан күні Киікбаев мектеп-гимназияда қазақ тілі мен әдебиеті пәні әдістемелік айлық аясында ұлы ақынымыз Абай Құнанбаевтың туғанына 180 жыл толуына орай “ТОЛЫҚ АДАМ ІЛІМІ:ТАБЫСТЫ БОЛАШАҚҚА БАҒДАР" тақырыбында ғылыми-танымдық конференция өтті. Іс-шараға жоғары оқу орындарынан Абайтанушы ғалымдары: Құлбарақ Сәмен Оразғалиұлы, М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің «Дулатитану және Өңір тарихы» ғылыми-зерттеу орталығының бас ғылыми қызметкері , филология ғылымдарының докторы, профессор. Саламатова Рахат Маханбетжанқызы, М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты, абайтанушы. Найзабаев Әлімбай Аманбайұлы, «Бауыржантану» ғылыми-зерттеу орталығының ага ғылыми қызметкері, педагогика ғылымдарының магистрі, абайтанушы. Тамабаева Қаракөз Өмірзаккызы, Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің «Шерхантану» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, филология ғылымдарының кандидаты, доцент келіп қатысып, конференцияны өте жоғары дәрежеде бағалады.

Конференцияда мектебіміздің жас мамандары мен ұстаздары Жолдасбекова Айгүл, Амалбекова Махаббат, Сапарбаев Бекзат, Тәжібаева Мадина, Әбілдә Зейне, Юсупова Айжан, Айтжанова Алия баяндама жасады. Өз баяндамаларында Абай өлеңдерін тарих, химия, биология, география, математика, ағылшын тілі пәндермен байланыстыра отырып, талдау жасады. Конференцияны ұйымдастырушы ұстаздармызға директордың әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Қарабаева Айнұр және Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері: Омарова Айнұр, Тезекбаева Гүлсая, Далдыбаева Айнурға алғыс білдіреміз. Бүгінгі конференция нәтижесінде ұстаздарымыздың жасаған баяндамаларын зерттеу жұмыстары ретінде бағалап, жинаққа енгізіп, тәжірибе таратуды ұсынды. Интеллектуал ұлт болашағын тәрбиелейтін жаңашыл ұстаздарымыз жасай берсін!