Главная / Новости / Тарихты таны, тұлғаны ұлықта

Тарихты таны, тұлғаны ұлықта

Жастардың тарихи танымын кеңейту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және ұлт тарихындағы көрнекті тұлғалардың мұрасын насихаттау мақсатында Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Тарихты таны, тұлғаны ұлықта» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Аталған көрме М.Х. Дулати атындағы  «Дулатитану  және Өңір тарихы» ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен өтті. Шараға жоғары оқу орнының студенттері қатысып, қазақ тарихы мен рухани мұрасына қатысты құнды деректермен танысты.

Кітап көрмесінде тарихи тұлғалардың өмірі мен қызметіне арналған еңбектер, ғылыми зерттеулер, деректі жинақтар ұсынылды. Кітапхана қызметкерлері көрмеге қойылған әдебиеттерге шолу жасап, олардың мазмұны мен маңызын жан-жақты түсіндірді.

Іс-шара жастардың тарихи санасын қалыптастыруға, ел тарихына деген қызығушылығын арттыруға және тұлғатану бағытындағы білімін тереңдетуге зор ықпал етті.