Главная / Новости / М.Мақатаев атындағы мектепте Қонаевқа арналған тағылымды іс-шара өтті

М.Мақатаев атындағы мектепте Қонаевқа арналған тағылымды іс-шара өтті

М.Мақатаев атындағы мектепте көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері «Дінмұхамед Қонаевтың» өмірі мен қызметіне арналған тағылымды іс-шара ұйымдастырылды. Шараның негізгі мақсаты – жас ұрпаққа ел тарихындағы ірі тұлғаның өнегелі өмір жолын таныту, отансүйгіштік пен азаматтық жауапкершілікті насихаттау.

Аталған іс-шараға құрметті қонағы ретінде белгілі ғалым, “Дулатитану және өңір тарихы”ғылыми-зертеу орталығының бас ғылыми қызметкері ,филология ғылымдарының докторы, профессор Сәмен Оразғалиұлы Құлбарақ қатысып, оқушылармен және ұстаздар қауымымен мазмұнды кездесу өткізді. Кездесу барысында қонақ Дінмұхамед Ахметұлының ел басқарудағы еңбегі, адамгершілік болмысы мен халқына сіңірген қызметі туралы тағылымды ойларымен бөлісті.

Шара аясында оқушылар Қонаевтың өмір жолына арналған баяндамалар жасап, әдеби-танымдық композициялар ұсынды. Бұл өз кезегінде жас буынның тарихи тұлғаларға деген қызығушылығын арттырды.

Айта кету керек, іс-шара туралы толық ақпарат пен фотоматериалдар Facebook әлеуметтік желісінде жарияланған.

Осындай тәрбиелік мәні зор кездесулер өскелең ұрпақтың тарихи санасын қалыптастыруға және ұлттық құндылықтарды дәріптеуге ықпал етеді.