Шекарашылар арасында Конституцияның жаңа нұсқасына қатысты ақпараттық-түсіндіру жұмысы өтті
2026 жылы ақпан айының 16 күні шекара қызметі қызметкерлері арасында Қазақстан Республикасының Конституциясының жаңа нұсқасына байланысты ақпараттық-түсіндіру жұмысы ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – құқықтық сауаттылықты арттыру, конституциялық өзгерістердің мәні мен маңызын кеңінен түсіндіру.
Аталған ақпараттық кездесуге “Дулатитану және өңір тарихы”ғылыми-зертеу орталығының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, профессор Сәмен Оразғалиұлы Құлбарақ қатысты, шекарашыларға Конституцияның жаңартылған нормалары, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ заң үстемдігін қамтамасыз етудегі мемлекеттік қызметкерлердің рөлі жөнінде мазмұнды түсіндірме жасады.
Кездесу барысында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар беріліп, жаңа конституциялық ережелердің құқық қолдану тәжірибесіндегі орны талқыланды. Мұндай түсіндіру жұмыстары қызметтік міндеттерді заң талаптарына сай орындауға және құқықтық мәдениетті нығайтуға ықпал етеді.
Ақпараттық-түсіндіру жұмысы шекара қызметі қызметкерлері тарапынан оң бағаланып, алдағы уақытта да жалғасын табатыны атап өтілді.






26 фев 2026
27 