Дулати еңбектері – Орталық Азия тарихының құнды дереккөзі
2026 жылғы 4 наурыз күні университеттің Тарих кафедрасында «Дулати еңбектері – Орталық Азия тарихының құнды дереккөзі» тақырыбында ашық ғылыми лекция өтті. Іс-шараны «Дулатитану және өңір тарихы» ғылыми-зерттеу орталығы ұйымдастырумен 1 курс студенттер арасында болды.
Ашық лекцияны орталықтың жетекшісі, PhD доктор, қауымдастырылған профессор Мақсұтова Альбина Әбенқызы жүргізді. Лекция барысында ғалым ортағасырлық тарихшы, мемлекет қайраткері Мұхаммед Хайдар Дулати еңбектерінің тарихи маңызына тоқталып, оның шығармалары Орталық Азия халықтарының тарихын зерттеудегі маңызды дереккөздердің бірі екенін атап өтті.
Дәріс барысында ғалым М.Х.Дулатидің өмір жолы, оның мемлекет басқару ісіндегі қызметі, сол дәуірдегі саяси жағдай және Орта Азиядағы тарихи үдерістер туралы кеңінен баяндады. Сонымен қатар, Дулатидің тарихи мұрасының ғылыми маңызы, деректік құндылығы және қазіргі зерттеулердегі орны туралы пікірлер айтылды.
Лекцияның негізгі бөлігінде М.Х.Дулатидің әйгілі «Тарих-и Рашиди» еңбегіне ерекше тоқталып, бұл шығарманың Қазақ хандығының қалыптасуы, Моғолстан тарихы, сондай-ақ XV–XVI ғасырлардағы саяси оқиғалар жөніндегі маңызды деректерді қамтитыны түсіндірілді. Сондай-ақ, еңбекте берілген тарихи мәліметтердің бүгінгі тарих ғылымындағы орны мен деректік маңызы туралы айтылды.
Лекция барысында студенттер арасында жарыс ұйымдастырылып , кім жылдам екені анықталды,сабақ өте қызықты болды. Ортағасырлық жазба деректермен жұмыс істеудің ерекшеліктері, тарихи еңбектерді ғылыми тұрғыдан талдау мәселелері жөнінде сұрақтар қойып, өз пікірлерімен бөлісті. Пікір алмасу барысында М.Х.Дулатидің мұрасын зерттеудің өзектілігі мен болашақтағы ғылыми бағыттары да сөз болды.
Іс-шараға тарих мамандығының студенттері қатысып, дәріс олардың тарихи танымын кеңейтіп, ұлттық тарихқа деген қызығушылығын арттыруға ықпал етті.




11 март 2026
15 