Главная / Новости / «Дулатитанудың бүгінгі бағыты: жас зерттеушілер көзқарасы» атты ғылыми пікірталас алаңы өтті

«Дулатитанудың бүгінгі бағыты: жас зерттеушілер көзқарасы» атты ғылыми пікірталас алаңы өтті

М.Х.Дулати атындағы университетте «Дулатитанудың бүгінгі бағыты: жас зерттеушілер көзқарасы» атты ғылыми пікірталас алаңы ұйымдастырылды. Іс-шараны «Дулатитану және өңір тарихы» ғылыми-зерттеу орталығының басшысы, PhD доктор, қауымдастырылған профессор Мақсұтова Альбина Әбенқызы өткізді. Ғылыми кездесуге «Дулатитану және өңір тарихы» ғылыми-зерттеу орталығының аға қызметкері Самбетова Гаухар Тешебайқызы мен магистранттар және студенттер қатысып, дулатитанудың қазіргі зерттеу бағыттары мен өзекті мәселелерін талқылады.

Пікірталас барысында ұлы ойшыл, мемлекет қайраткері және тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулати мұрасының тарихи маңызы, оның еңбектерінің Орталық Азия тарихын зерттеудегі орны және қазіргі ғылыми зерттеулердегі жаңа көзқарастар сөз болды. Қатысушылар Дулати еңбектерін зерттеудің заманауи тәсілдері, тарихи деректерді жаңаша талдау мәселелері жөнінде өз пікірлерін білдірді.

Мақсұтова Альбина Әбенқызы өз сөзінде Дулатидың бүгінгі ғылымдағы маңызын атап өтіп, жас зерттеушілердің бұл бағыттағы ғылыми ізденістерін қолдау қажеттігін айтты. Сонымен қатар, Самбетова Гаухар Тешебайқызы айта кетті магистрлармен  студенттерге жас ғалымдарды тарихи мұраларды терең зерттеуге, ұлттық тарихқа жаңаша ғылыми көзқараспен қарауға шақырды.

Іс-шара барысында магистранттар мен студенттер өз ойларын ортаға салып, ғылыми пікір алмасу жүргізді. Пікірталас алаңы жастардың ғылыми қызығушылығын арттыруға, тарихи мұраларды зерттеуге деген ынтасын күшейтуге бағытталған маңызды ғылыми кездесу болды.

Осындай ғылыми іс-шаралар жас зерттеушілердің ғылыми әлеуетін дамытуға және ұлттық тарихты жаңаша тұрғыда зерттеуге мүмкіндік береді.